$ 514.65  544.6  5.17

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырып, қашып кеткені рас па? - СІМ жауап берді

Жалпы, Корея республикасында жүрген Қазақстан азаматтарының саны - 35 мың.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Кеше отандық телеарнаның бірінде «Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматы қашып кетті» деген ақпарат тараған. Бүгін оны Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды, деп жазады Азаттық рухы.

«Сыртқы істер министрлігі тексеру жүргізгеннен кейін, бұл ақпарат расталмады. Жергілікті полициямен және біздің азаматпен байланыс орнатылған. Ол бұған дейін клиникаға бармағанын және коронавирусты анықтайтын қандай да бір анализ тапсырмағанын жеткізді. Корей полициясының ақпараты бойынша, біздің азаматымыз коронавирус жұқтырған адам болған асханаға барған. Осыған байланысты, сол тамақтану орнында болған адамдардың бәрі тестен өтуі керек. Отандасымыз барлық қажетті процедурадан өтуге және жергілікті билікпен ынтымақ жасауға дайын», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазір Оңтүстік Кореядағы қазақстандық үйінде оқшауланып, телефон арқылы дәрігерлермен күнделікті байланыс орнатып отыруы тиіс. Аурудың сыртқы белігілері болмағандықтан, қазір оған коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестен өтудің қажеті жоқ.

А.Смадияровтың айтуынша, қазақстандық туралы ақпарат алғаш рет Оңтүсік Корея сегментіндегі әлеуметтік желіде орысша жүргізілетін пабликтерде тараған. Белгісіз адамдар сол жерден оның суретін тауып алып, жалған ақпарат таратып жіберген. А.Смадияровтың айтуынша, аталған азамат өзі хабарласып, ақпарат таратқандарға ашулы екенін жеткізген. Қазақстандық барған асхана Сеулге жақын жердегі шағын қалада орналасқан.

Қазір Оңтүстік Кореяда 1500 Қазақстан азаматы Сыртқы істер министрінің есебіне тұрып, бақылауға алынған. Олардың біреуінен вирус біреуден расталған күннің өзінде Қазақстанға әкелінбей, сол жақта емделеді.

Сыртқы істер министрлігі корей емдеу орталығымен, тіпті, заңсыз жүрген азаматтарды да коронавирусқа тексертуге келіскен.

Жалпы, Корея республикасында жүрген Қазақстан азаматтарының саны - 35 мың.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары