05.03.2020, 21:45

NASA Марста түсірілген құпия фотоларды жариялады (ВИДЕО)

Панорамалық фотодан Гейл кратеріндегі Шарп тауларының Глен-Торридон аумағын байқауға болады.

Марс планетасында түсірілген ең сапалы фотоны NASA жұртшылыққа көрсетті, деп жазады «Айқын» газеті.

1,8 миллиард пикселдің көмегімен жинақталған панорамалық фотодан Марс табиғатының сұрқай екенін байқауға болады. Марстағы аппарат төрт күн бойы мыңнан аса фото түсірген. Барлық фотолар 12:00 мен 14:00 аралығында, күн жарығының біркелкі түсер уақытында бейнеленген.

Панорамалық фотодан Гейл кратеріндегі Шарп тауларының Глен-Торридон аумағын байқауға болады.

«Біз үйде түскі ас ішіп жатқан уақытта Curiosity ровері (Марстағы Гейл кратерін зерттеу үшін жеңіл көліктің көлеміндей етіп құрастырылған ровер – авт.) нағыз ғажап дүниені жасап жатты», – дейді NASA ғалымы Эшвин Васавада.

Тегтер: Фото Марс NASA