$ 444.32  473.33  4.76

«Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы»: сәнгерлер коронавирусты өз пайдаларына жаратты (ВИДЕО)

190 доллар тұратын қымбат бағасына қарамастан, мұндай маскалар 100 пайыз инфекциядан ұзақ мерзімге қорғауға кепілдік бермейді.
фото: style.rbc.ru
фото: style.rbc.ru

Өткен аптадағы әйелдер сән апталығында медициналық маска да түрлі қолданыста қоса көрсетілді. Енді олар коронавирустан қорғау үшін ғана емес, ел назарын аудару үшін де қажет болатын сияқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РБК-ға сілтеме жасап.

Коронавирустың Еуропада бұрқ ете түсуі сән апталығына қатысушыларды әбігерге түсірді. Мәселен, Джорджио Армани шоуды жабық есік жағдайында өткізуді ұйғарса, Дрис ван Нотен, керісінше, мұны мүмкіндік ретінде пайдаланып, өз дизайнына шұғыл өзгеріс енгізді. Сөйтіп, қонақтарына бір реттік медициналық маскаларды таратуды да ұмытпады.

Мысалы, Marine Serre сахнада жарқ еткен сұлулардың бетіне сәнді маска тақты. Оған өз қолтаңбасы мен ай суретін салса, тағы біріне үйректің табанының ізін қойған. Осылайша, медициналық маска сәнқой бикештердің аксессуарларын толықтырды.

Luisa Via Roma веб-сайтында эпидемияның өршуіне орай, сән үйі коллекциясында бұрынғы Fendi брендіндегі маскалардың (ол азиялық сатып алушылар арасында танымал, зауыт-фабрикасы көп қалаларда түтіннен қорғану үшін пайдаланылады) жарнамасы пайда болды

190 доллар тұратын қымбат бағасына қарамастан, мұндай маскалар 100 пайыз инфекциядан ұзақ мерзімге қорғауға кепілдік бермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары