31 жастағы МакГрегор Нурмагомедовтің бала кездегі досы Ислам Махачевті «нақұрыс әрі стероидты алаяқ» деп жазғаннан кейін жанжал басталды, деп хабарлайды vesti.kz.
«Бұл жігіт соққылардан қашып, жекпе-жектің сәнін кетіреді. Енді міне, әйелдер арасында өткен ММА ұлы жекпе-жегін құрметтемей отыр», - деді МакГрегор UFC 248 турнирі аясында өткен қытайлық Вейли Чжанг пен польшалық Йоанна Йенджейчик арасындағы кездесуді меңзеп.
Осыған дейін 8 наурызда Махачев ММА-ді «әйелдер ісі емес» деген еді. Спортшы Twitter желісіндегі парақшасындағы жазбасын өшіріп тастады. Алайда, әлеуметтік желіде осы жазбаның скриншоты тарап кетті.
Осыған жауап ретінде Нурмагомедов өз аккаунтында МакГрегормен өткен кездесуден ирландиялыққа қарсы тәсіл жасап жатқан жерінен сурет жариялап, сипаттамасында «Көмектесіңіздер» деп жазды.
Ирландиялық та көп күттірмей Twitter желісіндегі парақшасында 2018 жылы UFC турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған видеодан үзінді жариялады. Онда Нурмагомедов те бар. Сурет сипаттамасында МакГрегор «Көше төбелесі» деп жазды. Осылайша, ирландиялық файтер ресейліктің көше төбелесіне жиі қатысқаны туралы айтқанын меңзеген секілді.
Тағы оқи отырыңыз: Екеуі де быт-шыт: UFC тарихындағы үздік жекпе-жектің бірін қыздар жасады (ВИДЕО)
«Сұңқар» «Қара жолбарыстың» жағын айырып жіберіпті (ВИДЕО)
«Осыны өз ұлыңа көрсет те, көше төбелесінде қандай мықты екеніңді айт», - деді Хабиб. Ол желіде ирландиялықтың пабта егде жастағы ер адамның бетінен ұрған видеосын жариялады. Қарт адам ирландиялық файтердің виски брендін ішуден бас тартқан болуы мүмкін.