$ 494.87  520.65  4.91

Мәдениет министрінің коронавирус жұқтырғаны расталды

Бүгінде министр Париждегі үйінде екен.

Францияның мәдениет министрі Франк Ристер коронавирустың жаңа түрі COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі министрдің кеңсесіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости

"Министрдің сараптамасы оң нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Бүгінде министр Париждегі үйінде екен. 

Агенттік мәліметінше, Франк Ристер өткен аптада коронавирус жұқтырған біраз депутат қатысқан Ұлттық жиналыста бірнеше күн болған. Алайда шенеунік өзін "жақсы" сезінген. 

Айта кетейік, дүйсенбідегі жағдай бойынша, Францияда 1412 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 25 адам қайтыс болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары