11.03.2020, 12:20

Коронавирусқа шалдыққан әйел «түймедей нәрсені түйедей етушілерге» таңқалды

Айтуынша, коронавирусқа шалдығуы БАҚ-та айтылып жүрген ақпараттардағыдай қорқынышты емес.

Коронавирус жұқтырған Австралия тұрғыны бүкіл әлемді сабырлы болуға шақырды.  Әйелдің сөзінше, оның бойында байқалған аурудың белгілері қарапайым тамақ және бас ауруы. Ал бұған байланысты әбігерге түсіп жүргендер - түймедей нәрсені түйедей етушілер екен, деп хабарлайды Stan.kz.

Алдыңғы аптада Сингапур арқылы Лондоннан Брисбенге оралған әйелге "COVID-19" коронавирусы диагнозы қойылған көрінеді. Оның айтуынша, австралиялық келіншек ауруды қай жерден жұқтырғанын тіпті, байқамай қалған. 

"Менің айтқым келгені коронавирус дегені жай ғана бас және тамақ ауруы, әлсіздікке шалдығу. Мен 30 сағат саяхаттағандықтан осылай болды деп ойладым. Алайда, коронавирус жұқтырып алыппын", - дейді Бриджит Уилкинс. 

Айтуынша, коронавирусқа шалдығуы БАҚ-та айтылып жүрген ақпараттардағыдай қорқынышты емес. 

"БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, коронавирус табылған елдерде аласапыран болуда екен. Бірақ олай екенін түсінуіміз қажет. Біз секілді адамдар үшін бұл - тұмау секілді жазылатын ауру. Әлемде бұдан да басқа шынымен де көңіл аударарлық бірқатар аурулар мен жағдайлар бар", - деп қосты ол таңданысын жасырмастан.

Қазіргі таңда Австралияда аурудан - 95, 82, және 78 жастағы азаматтар көз жұмған.  92 науқастың ішінде 22-сі аурудан құлан таза айығыпты.

Тегтер: коронавирус