$ 514.65  544.6  5.17

Коронавирусқа байланысты амандасудың жаңа түрлері пайда болды (ВИДЕО)

"Ғылымға сүйенсек, қол алысу – зиян нәрсе", - дейді Раскин университетіндегі медицина орталығының директоры Никки Милнер.

Германия канцлері Ангела Меркель ішкі істер министрі Хорст Зеехоферге амандасып қол ұсынғанда министр "қоя қойыңыз" дегендей қолын алмады. Коронавирус болмағанда оның бұл әрекеті тым әдепсіз көренер ме еді, бірақ Германияда 150 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдай ушығу алдында тұрғанда министрдің мұнысы құптарлық іс. Меркель де қарсы болмай, "Бұл дұрыс болды" деді.

Коронавирус қоғамдық қарым-қатынасқа әсер етіп жатыр, мұны әсіресе батыста байқауға болады. Қол алысып амандасуды, беттен сүюді, құшақтасуды көбі бұрынғыдай құп көрмейді. Италиядағы коронавирусқа қарсы комитет комиссары Анджело Борелли италяндардың демонстратив болмысы вирустың таралуына ықпал етуі мүмкін деп, халықты "сәл ұстамды" болуға шақырды.

"Ғылымға сүйенсек, қол алысу – зиян нәрсе", - дейді Раскин университетіндегі медицина орталығының директоры Никки Милнер. Ол көрсеткен сілтемедегі зерттеуге сүйенсек, адам қолында 150 түрге жататын 3200-ге жуық бактерия бар және адам бүкіл өмірінде орта есеппен 15 000 рет қол алысады екен.

Тағы оқи отырыңыз:

Коронавирустан қатты сақтанған неміс министрі Ангела Меркельмен де қол алыспай қойды (ВИДЕО)

«Гигиенаға сай емес»: академик қазақтың амандасу дәстүрін жаңғыртуды ұсынды (ВИДЕО)

ДДСҰ-ның пандемия бойынша директоры Сильви Брэнд шынтақ соғыстыру, аяқ қағыстыру және "вай" сияқты барынша қауіпсіз сәлемдесу тәсілдерін қолдануға кеңес берді.

Дереккөз: massaget.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары