13.03.2020, 23:52

Бразилия президенті коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

Фото: REUTERS
Алайда бұл ресми түрде расталмады.

Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметтері бойынша, Болсонарудың сынамасы COVID-19-ке жасалған алғашқы тестінде оң нәтиже көрсеткен. Алайда бұл ресми түрде расталмады.

Айта кетейік, Болсонару 7 наурызда Палм-Бич қаласында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын.

Тегтер: коронавирус