Австралия ғалымдары COVID-19 коронавирусына қарсы ем табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БАҚ ақпараттарын негізге алып.
Квинсленд университеті Клиникалық зерттеу орталығының зерттеушілері сынақтан өткізу барысында бірден екі вакцинаның тиімділігін көрсеткендігін айтады. Оның біріншісі АҚТҚ-мен күресте пайдаланатын дәрілік зат болса, екіншісі – безгекке қарсы хлорохин.
Ғалымдар таяуда осы екі препарат арқылы клиникалық сынақ жасалатындығын мәлімдеді. Бұл дәрілік заттар COVID-19 вирусымен күресте тиімділігін көрсеткен әрі бірнеше науқаста нәтижесін берген.
ВИЧ препаратымен емделген науқастардың алғашқы толқыны емді жақсы қабылдаған. Ал жаппай зерттеулер наурыз айының аяғына жоспарланып отыр. Ғалымдар жоғарыда аталған препараттардың коронавирусты жеңуде әмбебап болатындығына сенім білдіруде.
Тағы оқи отырыңыз: Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап көрді
Алайда, одан бұрын Қытай президенті Си Цзиньпин індет тараған Ухань қаласына арнайы барған еді. Себебі, білікті мамандар вирустың тарауы тоқтады деп мәлімдеген. Демек, коронавирусқа қарсы емді олардың өздері білетінге ұқсайды. Бұған Уханьда уақытша салынған 14 ауруханасын бір-ақ күнде жауып, дәрігерлерінің медициналық масканы салтанатты түрде жаппай шешіп тастағаны да дәлел болуы тиіс.