Иран билігі коронавирусқа байлйанысты 85 мыңға жуық сотталушыны түрмеден босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Бүгінде 85 мыңға жуық сотталушы босатылды», - деп хабарлады сот билігінің өкілі Голямхосейн Эсмаили.
Еске сала кетсек, Иранда коронавирус дерегі алғаш рет 19 ақпанда тіркелген еді. Онда ауыр дертті жұқтырғандардың саны 15 мың адамға жетіп, олардың 853-і қайтыс болған.