$ 443.85  474.3  4.8

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас қайтыс болды

Ол бұған дейін Қытайға барған жұмысшысынан вирус жұқтырған.

Түркияда коронавирустан алғашқы науқас қайтыс болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Коронавирустан 89 жастағы науқас қайтыс болған. Ол бұған дейін Қытайға барған жұмысшысынан вирус жұқтырған. 

Коджаның айтуынша, қазір Түркияда коронавирус жұқтырған 98 адам бар. 

16 наурызда Түркияда коронавирус пандемиясы кезінде мешіттерде жаппай намаз оқуға тыйым салынған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус