$ 514.65  544.6  5.17

103 жастағы кейуана коронавирустан бір аптаның ішінде айығып кетті

ДДСҰ-ның мәліметіне сүйенсек, SARS-CoV-2 коронавирусымен инфекция болған жағдайда, 80 жастан асқан пациенттердің 21,9 пайызы өліп кетеді екен.
фото: rbc.ru
фото: rbc.ru

France 24 сайтының хабарлауынша, Иранның Семнан қаласында SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырған қарт ауруынан жазылып кеткен. 103 жастағы ирандық кейуана ауруханада шамамен бір апта жатқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Семнан медициналық ғылымдар университетінің басшысы Навид Данайидің айтуынша, бұл уақыт ауруды толығымен жеңуге жеткілікті болған. Бірақ, дәрігер оны қалай емдегенін ешкімге көрсетпеген екен.

Семнаннан шыққан бұл қарт  –короновирусты жеңген Ирандағы екінші егде жастағы адам. Бірінші науқас дүйсенбі күні, яғни 16 наурызда Керман қаласынан келген 91 жастағы ер адам болған. Ол – демікпе мен қан қысымының жоғарылығына қарамастан, үш күн ішінде короновирусты жеңе алған батыл жан. Олай дейтініміз, демікпе және қан қысымы аурулары коронавирустық инфекцияны тудыратын қауіпті фактор болып саналады.

ДДСҰ-ның мәліметіне сүйенсек, SARS-CoV-2 коронавирусымен инфекция болған жағдайда, 80 жастан асқан пациенттердің 21,9 пайызы өліп кетеді екен. Тіпті, соңғы мәліметтер бойынша жаңа коронавирус инфекциясын 204 мың жұқтыру оқиғасы анықталып, соның салдарынан 8,2 мың адам қайтыс болған. Ал 82 мың пациент ауруынан құлантаза айығып кеткен.

Дегенмен, Иран індеттен зардап шеккен елдердің қатарына кіреді. Онда инфекцияның 17 мың жағдайы анықталып, соның ішінде 1,1 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары