$ 498.34  519.72  4.85

200-ден астам адам өлген: коронавирустан қорғанбақ болғандар ішімдіктен уланып жатыр

Зардап шеккендердің арасында баласын «қорғауға» тырысқан ата-ана да бар.

Әлемде кең таралып кеткен COVID-19 вирусынан ішімдік арқылы қорғануға тырысқан 200-ден астам ирандық қайтыс болды, деп хабарлайды baq.kz, Al Arabiya-ға сілтеме жасап.

Соңғы бірнеше аптада алкогольмен «емдеуден» кейін өлім көбейді. Зардап шеккендердің арасында баласын «қорғауға» тырысқан ата-ана да бар.

Атап айтқанда, баланы коронавирустың инфекциясынан «қорғау» үшін туыстары оған алкогольді ішімдік берген. Содан кейін бала комаға түскен. Басылымның берген мәліметінде баланың жасы көрсетілмеген. Жалпы, Иранда алькоголь өнімдеріне 1979 жылдан бері тыйым салынған болатын.

Еске сала кетсек, әлемде 300 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырған. Күнделікті есеп бойынша, соңғы 24 сағат ішінде әлемде 26 мыңға жуық адам осы ауруды жұқтырып, 1600-ге жуық өлім анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары