Әлем 25.03.2020 сағат 08:30

Коронавирус: шетелде дүкен сөрелеріне қасақана түшкіріп жүрген қытай әйел ұсталды (ВИДЕО)

«Австралияда ұсталғаннан кейін тексергенде сырқат екені анықталған. Қазақстандағы барлық Қытай азаматы қатаң бақылауға алынуы тиіс деп есептеймін» деп жазды журналист.
Коронавирус: шетелде дүкен сөрелеріне қасақана түшкіріп жүрген қытай әйел ұсталды (ВИДЕО)
фото: hromadske.ua
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазір әлеуметтік желілерде Еуропаның бір елінде коронавируспен ауыратын қытай әйелдің дүкен сөресіндегі жеміс-көкөністерге қасақана жөтеліп тұрғаны туралы видео тарап жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ірі сауда ортиалығының бейнекамерасына түсіп қалған оны медициналық маска киіп сақтанбаған полиция қызметкері дер кезінде тұтқындаған. Сол көріністі жұртпен қатар facebook парақшасына салған белгілі журналист Айдос Жұқанұлы, Қазақстандағы Қытай азаматтарының да қатаң бақылауға алынғанын қалайды.

«Тәжтажал жұқтырған қытай қатын дүкенде көкөніс, жеміс-жидекке әдейі түшкіріп жүрген. Ол қатын бір емес, бірнеше маркетте киімін ауыстырып алып, арам ойын жүзеге асырған. Австралияда ұсталғаннан кейін тексергенде сырқат екені анықталған. Қазақстандағы барлық Қытай азаматы қатаң бақылауға алынуы тиіс деп есептеймін» деп жазды, дерттің «отанындағылардан» күмәнданған әріптесіміз.

Себебі, COVID-19 вирусын бізде 13 адам ешбір шетелге шықпай, өз елімізде жүріп жұқтырған. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Қалғандары – шетелде жұқтырғандар және сол науқастармен бір ұшақта жақын байланыста болғандар.

Тағы оқи отырыңыз: «Мұндай екі аяқты «хайуанға» не деуге болады?!»: Алматыда біреу жеделсатыға қақырып-түкіріп кетті (ВИДЕО)

Сондықтан видеодағы қытай әйелге бірнеше оқырман «Жексұрын қатын», «Арам, эгоист. Мен өлсем, жұрт та өлсін деп жүр ғой», «Полиция сол жерде оны атып тастауы керек еді», «Бұлар өз елінде дәрігерлерге түкіріп жүргенде, басқа елде ойланбайды ғой» дегендей лағынеттерін жаудырып, әдепсіз әрекеттен шошып отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар