29.03.2020, 21:00

Көп елге көмек көрсетіп жатқан қытайлық миллиардер Джек Маның тізімінде Қазақстан да бар

фото: tk.media
Бұған дейін қытайлық кәсіпкерден АҚШ пен Ресейдің де көмек алғаны мәлім.

Қытайлық миллиардер Джек Ма Қазақстанға көмектеседі. Бұл туралы WEmedia PR агенттігі таратқан баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Коронавируспен күресу үшін бірінші кезектегі медициналық заттар Қазақстанға, Әзірбайжанға, Бутанға, Үндістанға, Қырғызстанға, Вьетнамға және Өзбекстанға Джек Ма Қорынан және Alibaba қорынан жіберіледі.

Жеті мемлекетке 1,7 миллион медициналық маска, 165 000 сынама жүйесі, сондай-ақ, қорғаныс киімдері мен медициналық жабдықтар: механикалық вентиляторлар мен термометрлер беріледі.

Осылайша, қаражаттың көмегімен Азияның 23 еліне көмек көрсетіледі. Оның көлемі 7,4 миллион маска, 485 000 сынақ жүйесі, 100 мыңнан астам қорғаныс киімдері мен басқа медициналық жабдықтар болады.

«Үндістанға арналған алғашқы партия кеше Делиге келді, оны үнділік қызыл крест қызметкерлері қабылдады. Осындай көмек Италияда көрсетілген. Қызыл Крест қызметкерлері бұл қаражатты бүкіл елге таратады. Алдағы күндері басқа елдер көмек алады» делінген хабарламада.

Бұған дейін Азиядағы ең бай кәсіпкер Джек Маның АҚШ-қа миллион маска жібергені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей қытайлық кәсіпкерден көмек алғаны белгілі.