$ 449.3  489.69  4.89

Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады

Еске сала кетсек, қазір бір тәулік ішінде әлем бойынша 671 424 адам вирус жұқтырған.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 наурыздағы жағдай бойынша, ауру жұқтырғаны расталғандар саны 3 мыңға азайған. Ал Қытай территориясында эпидемияның таралуы толық тоқтады», - деді Мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн брифингте.

Еске сала кетсек, қазір бір тәулік ішінде әлем бойынша 671 424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74 205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30 956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3 621 адамға өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары