$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустан үйде жатып сақтанған әлем халқына мүшеқап та жетіспей қалды

«Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да, көпшілік қолданады. Індет кезінде адамдардың бала сүюді жоспарлауды кейінге шегеруін ескерсек, дәл қазір нағыз сақтануды талап ететін кез екені анық», - дейді мүшеқап компаниясының директоры.
фото: life4me.plus
фото: life4me.plus

Коронавирустың салдарынан төтенше жағдай енгізіліп, карантин жарияланған соң, Durex брендімен мүшеқап өндіретін малайзиялық Karex Bhd компаниясы да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Айта кетсек, ол бұған дейін әлемнің 140 мемлекетін жылына 5 миллиард мүшеқаппен қамтамасыз еткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, bigmir.net-ке сілтеме жасап.

«Фабрикамыздың жұмысы бір аптадан бері тоқтап тұр. Біз барлық жерде мүшеқаптың тапшылығын көреміз. Ол жаһандық мәселеге айналып отыр. Мәселен, Африка мемлекеттеріне жөнелтілетін гуманитарлық көмек екі апта немесе бір айға жетпеуі де мүмкін. Тапшылық бірер айларға созылуы ықтимал», - дейді компанияның бас директоры Миа Киат.

Билік 27 наурызда мүшеқап компаниясына 50% жұмысшыларын ғана тартып, жұмысты қайта бастауға рұқсат берген. Енді одан алдағы уақытта тезірек фабриканы іске қосу, барынша сұраныстарды уақытылы орындау талап етілетін болады.

Осылайша, Karex Bhd компаниясы Durex брендін әлемге сату мен жөнелтуді қайта жалғастырмақ. Себебі, осы күнге дейін сұранысқа ие болып келген бұл өнімнің елдің бәрі үйінде жатқан дәл қазіргі сәтте еселеп қажет болатыны сөзсіз.

«Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да, көпшілік қолданады. Індет кезінде адамдардың бала сүюді жоспарлауды кейінге шегеруін ескерсек, дәл қазір нағыз сақтануды талап ететін кез екені анық», - дейді компания директоры.

Еске сала кетсек, Малайзия – Азияның оңтүстік-шығысындағы коронавирустан көбірек жапа шеккен мемлекет. Қазір онда індетті 2161 адам жұқтырып, оның 26-сы қайтыс болған. Сол себепті, елге 14 сәуірге дейін қатаң карантин енгізілген.

Бұл мемлекет әлемді тек мүшеқаппен ғана емес, 60%-ын медициналық резеңке қолғаппен де қамтамасыз етіп отыр. Қазір оның да жетіспеушілігі байқалуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары