$ 498.34  519.72  4.85

«Індет салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін» - БҰҰ Бас хатшысы

Осы мақсатта ұйым кедей мемлекеттер үшін арнайы қор ашып, соған біраз қаржы жинауды ұсынды.
фото: review.uz
фото: review.uz

Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирус салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол Covid-19 індетінің әлемді Екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрмеген дағдарысқа әкеп соқтырғанын айтады. Айтуынша, бұл қиындықтан да өтуге болады, тек шенеуніктер «саяси ойындарды» қоя тұрып, ынтымақтастық танытуы қажет.

Осы мақсатта ұйым кедей мемлекеттер үшін арнайы қор ашып, соған біраз қаржы жинауды ұсынды. Дегенмен, пандемия әкелетін шығын көлемі миллиард емес, триллионнан асатынын мойындап отыр.

«Біз ынтымақтастық танытуымыз керек. Вирусты бірге жеңіп, әділетті әлем құра аламыз. Экономиканы қалпына келтіру барысында халықаралық қоғамдастық инклюзивтік қағидаттарын ескеруі қажет. Сондай-ақ, пандемия, климаттың өзгеруі және басқа да жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұра алатын экономиканы құру керек», - дейді Антонио Гутерриш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары