Филиппин президенті Родриге Дутерте әскер мен полицияға төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзған адамдарды атуға рұқсат берді, деп жазады Aзаттық радиосына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мәселе жасағаннан гөрі олардың табытқа барғаны дұрыс" деді Дутерте. Филиппин астанасы Манила мен өзге қалаларда карантин режимі енгізілуіне байланысты ара-тұра ас-сусыз, ақшасыз, жұмыссыз қалған кедейлердің наразылық акциясы өтіп тұрады. Президент сөзіне түсініктеме берген ұлттық полиция корпусының жетекшісі Арчи Гамбоа "президент дағдарыс кезінде заңның орындалғанын талап етіп отыр" деп Дутертенің мәлімдемесін "жұмсартуға" тырысқан.
2016 жылы мамыр айында президент қызметіне кіріскен Родриго Дутерте АҚШ және батыс елдеріне қарғыс айту, есірткі сатушылар мен нашақорларды аулау кампаниясы сияқты ебедейсіз қалжың, популистік мәлімдемелерімен жұрттың көзіне жиі түседі.
Соңғы жылдары ол Мәскеумен әскери және дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға тырысып келеді. Ол бірнеше рет Владимир Путинді ерекше қадірлейтінін айтқан.
30 наурыз күнгі дерек бойынша Филиппинде 2600 адамнан коронавирус табылған. 107 адам қайтыс болған.