$ 498.34  519.72  4.85

Полицияға қарап әдейі жөтелген адам сотталып жатыр

55 жастағы Адам Льюис мас күйінде Лондонды кезіп жүрген.

Англияның астанасында мас ер адам полицейге жөтелген. Ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Metro.

55 жастағы Адам Льюис мас күйінде Лондонды кезіп жүрген. Ер адамды полиция қызметкері тоқтатқан. Сол кезде ол коронавирус жұқтырғандай полицейге жөтеле бастаған. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. 

Келесі күні жергілікті сот Льюисті әлемдегі қиын кезеңге байланысты ауыр қылмыс жасады деп шешті. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді. 

Ер адам мас болғандықтан, ол сәтті мүлдем білмейтінін айтты. Кейін оның 2019 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурыз айы аралығында ұрлық және қарақшылық үшін түрмеде отырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытқа дейін әлемде 1 015 403 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. 210 мыңнан астамы жазылды. 53 030 адам көз жұмды. 

Қазақстанда бұл індетке 444 адам шалдықты. Үш адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары