$ 445.66  474.58  4.78

Әлем бойынша коронавирусты соңғы бір күнде 82 мың адам жұқтырған

АҚШ індетті жұқтырғандар саны бойынша әлемде 1-орында тұр. Мұндағы 335 мың адамнан COVID-19 белгілері табылған. 9,5 мың науқас көз жұмған.
фото: kazakh-tv.kz
фото: kazakh-tv.kz

Соңғы бір тәулікте COVID-19-ды әлемдегі 82 мың адам жұқтырған. Осылайша, Қытайдан шыққан індетпен ауырып жатқандардың саны дүниежүзі бойынша 1 млн 200 мыңға жуықтайды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мәселен, Британияда өткен тәулікте 6 мың адамнан коронавирус белгілері анықталған. Германия мен Испания болса, кеселді жүгендеген сияқты. Бұл елдерде індеттің таралуы көп азайыпты. Десе де, ресми Мадрид крантинді тағы екі аптаға созды.

Ал АҚШ-та жағдай мәз емес. Мұнда қауіпті тұмау белгілері енді аңдардан табылып жатыр. Негізі АҚШ індетті жұқтырғандар саны бойынша әлемде 1-орында тұр. Мұндағы 335 мың адамнан COVID-19 белгілері табылған. 9,5 мың науқас көз жұмған. Дегенмен, Ақ үй басшысы «індетті ауыздықтайтын» күн алыс емес деп отыр.

«Індетпен алысу майданында бір жарық көрінді. Жақын арада жеңеміз және оны мақтан тұтатын боламыз деп ойлаймын», - деді Дональд Трамп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары