$ 494.87  520.65  4.91

Премьер-министр жансақтау бөлімінде жатыр

Ал Британия үкіметінің ресми өкілдері Джонсонға өкпені жасанды желдету аппараты қосылғанын Ресейдің ақпарат құралдары жарыса жазған хабарды жоққа шығарып отыр.

  Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды "Хабар 24".

 Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 55 жастағы премьер Сент-Томас ауруханасындағы интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Мамандар науқастың денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында екенін айтады. Джонсонның өзі де твиттердегі жеке парақшасында жағдайының жақсы екенін жазған. Ал Британия үкіметінің ресми өкілдері Джонсонға өкпені жасанды желдету аппараты қосылғанын Ресейдің ақпарат құралдары жарыса жазған хабарды жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, Ұлыбритания премьерінің ауруханаға түскенін естіген өзге елдердің басшылары твиттерде Борис Джонсонға денсаулық тілеп, тез арада оның сауығып кетуіне жылы лебіздерін жолдаған. Ал басшының биліктегі қызметін уақытша елдің сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқаратын болды.

"Премьер-министр Борис Джонсонның денсаулығы нашарлай бастаған соң дәрігерлердің кеңесімен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол білікті мамандардың бақылауында. Алайда Үкімет басшысының жұмысы тоқтамайды", - деді Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары