$ 441.44  473.09  4.75

Коронавирус: қазір әлемде 2 миллиард 700 миллион адам жұмысқа шықпай отыр

Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.
unian.net
unian.net

Коронавирус пандемиясы әлем экономикасы мен жұмыс күшіне үлкен әсерін тигізуде. Дүниежүзілік еңбек ұйымының болжамы бойынша, бұл әсер 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да қатты болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, euronews-ке сілтеме жасап.

«2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы дағдарысының салдарынан біз 22 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалттық. Болжам бойынша алдағы үш айдың өзінде әлемде 195 миллион адам жұмысынан айырылуы мүмкін», - дейді Дүниежүзілік еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

Дәл қазіргі сәтте әлем елдерінде енгізілген төтенше жағдай мен карантин салдарынан 2 миллиард 700 миллионға жуық адам жұмысқа шықпай отыр. Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары