$ 446.49  475.38  4.79

Танымал футбол клубы бас бапкерінің анасы коронавирустан көз жұмды

Ол 82 жаста болатын.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Барселона маңындағы қалашықта коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ағылшын клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Манчестер Сити" отбасы Пептің анасы Долорс Сала Каррионың Манреста (Барселона) коронавирус жұқтырған соң қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. Ол 82 жаста болатын. Клубпен байланысы бар әр адам осындай қайғылы сәтте Пепке, оның отбасы мен достарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.  

"Манчестер Сити" - Премьер-лигада ойнайтын ағылшын футбол клубы. Англия чемпионатының былтырғы чемпионы. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Испания COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орында келеді. Елде 135 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. 13 169 адам инфекциядан қайтыс болған. Қазіргі уақытта вирустан емделгендер саны 40,4 мың адамға жеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары