$ 494.87  520.65  4.91

«Қайраттың» экс-футболшысы карантин тәртібін бұзып, моншада жезөкшемен көзге түсіп қалды

Оның екі некеде де ажырасуына осылай үнемі көзге шөп сала бергені себеп болған.

Кезінде «Зенитте» жарқырап, Лондонның «Арсеналында» ойнаған Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавиннің басы тағы бәлеге қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, StarHit-ке сілтеме жасап.

Экс-футболшы карантин режимін өрескел бұзып, моншада қоңыр қолаң шашты әйелмен демалып отырған жерінде көзге түсіп қалды.

Дереккөзге сенсек, қатынқұмар Аршавиннің жаңа секс-серігі Габриэлла есімді Ресейдегі танымал жезөкше екен. Оның бір баласы бар көрінеді.

Ал Аршавин екі рет үйленіп, ажырасқан. Бірінші әйелі Юлия Барановскаядан үш баласы, екінші әйелі Алиса Казьминадан бір қызы бар. Екі некеде де ажырасуына осылай үнемі көзге шөп сала бергені себеп болған.

Еске сала кетсек, футболшы 2018 жылы карьерасын Алматының «Қайратында» аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары