$ 444.22  476.38  4.82

Америкалық дәрігер коронавирусты лотереяға теңеді

АҚШ-та коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны 25 мыңнан асып кетті.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Коронавирустың ағзаға қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес, кейде күшті иммунитеті бар науқастар қосымша оттегі терапиясына мұқтаж болады. Бұл туралы Нью-Йорк ауруханасының дәрігері Марлен Каплан мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, РИА дерегіне сілтеме жасап.

Дәрігердің өзі жақында ғана коронавирустан жазылып шыққан. Шамасы ол инфекцияны өзінің науқастарының бірінен жұқтырған. Ер адам емделіп жатқан кезде өзінің сауығып кететініне күмәнданғанын да жасырмады. Тіпті, туған-туыстарына арнап видеоүндеу де жазып үлгерген екен.

 "Ахуалым тұрақтала бастағанша, қандай да бір жағдай болып қалса деп, жақындарыма үндеу дайындадым. Отбасыма, балаларыма хабарлама қалдырып, оларды жақсы көретінімді айтқым келді. Егер өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылсам, олармен сөйлесуге мүмкіндік болар ма еді, білмеймін. Бағыма орай жолым болды", – дейді Каплан.

 Оның айтуынша, коронавирус – "лотерея секілді, кімге қалай әсер ететіні белгісіз".

 Дәрігер кейбір адамдардың иммундық жүйесі мықты болғанымен, оларға қосымша оттегі терапиясы қажет болатынын атап өтті. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны 25 мыңнан асып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары