Talksport.com журналисі Майкл Бенсон өз Twitter-інде мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жанкүйерлердің кімді қалайтындығын анықтау үшін сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бенсон дауысқа салу кезінде «Канело» үшін екі нұсқаны көрсеткен – Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші айқас және Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жек.
Ортаға «Алдағы кездесуде «Канело» үшін кімді қалар едіңіз?» - деген сауал тастаған журналист. Сондерспен жекпе-жек нұсқасы үшін жанкүйерлердің басым бөлігі – 79,6%, ал қыркүйекте өтетін Головкинмен айқасқа небәрі 20,4% дауыс берген.
Дегенмен, Головкиннің бапкерінің айтуынша, қыркүйекте жекпе-жек болмайды.