$ 498.34  519.72  4.85

Израиль премьер-министріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды

Елдің премьер-министріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

 Медициналық маска - қауіпсіз арақашықтық. Коронавирустық инфекцияны таратпаудың басты талаптарын сақтай отыра, жексенбі күні Израильдің Тель-Авив қаласында жаппай шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

2 мыңға жуық адам мэрия ғимаратының алдына жиналып, елдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсылығын білдірді.

 Елдің премьер-министріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Оның барлығы сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Ал оның өзі бұл айыппен келіскісі жоқ. Жалпы Израильде мұндай саяси дағдарыстың созылғанына бір жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде елде үш рет сайлау өткенімен, үкімет жасақталған жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары