20.04.2020, 20:30

Ата-анасы пандемия кезінде туған ұлына Санитайзер деген есім қойды

фото: 24.kz
«Адамдар коронавирусты есіне түсіре бастағанда, оларды осы химиялық зат инфекциядан сақтап қалды деп айтады», - дейді жаңа туған баланың әкесі.

Үндістанда ата-аналар коронавирустық пандемия кезінде туған баласына Санитайзер деп ат қойды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ерлі-зайыптылар баласының есімі арқылы қиын кезеңді ұмытпай еске алып жүруді мақсат еткен. COVID-19-бен күресуде көптеген құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер және химиялық залалсыздандырғыштар, соның ішінде санитарлық тазартқыш қолданылды.

Ата-аналар атап өткендей, дәрігерлер баланың жаңа есіміне күлімсіреп жауап берді.

«Адамдар коронавирусты есіне түсіре бастағанда, оларды осы химиялық зат инфекциядан сақтап қалды деп айтады», - дейді жаңа туған баланың әкесі.

Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар пандемия бүкіл адамзатқа қатысты екенін және мұндай әрекетті олардың коронавирустық инфекцияның таралуына қосқан үлесі деп санауға болатынын айтты.