$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус жұқтырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кетті (ФОТО)

Дәрігерлердің айтуынша, бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болып отыр.

Уханның орталық ауруханасында коронавируспен ауырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кеткен, деп хабарлайды tengrinews.kz, Fr24news-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Ю Фан және Ху Вейфенг Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүргенде коронавирус жұқтырған. Олардың жағдайы қатты ауыр болған. Сырқатпен күресте экстракорпораль мембранды оксигенация әдісі (қанның оттекпен қанығу әдісі) көмектескен.

Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған. Ю Фан мен Ху Вейфенгтің терісі қарайып кеткен. Кейін бұған гормондардың алмасуы себеп болғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болып отыр.

«Қазір жағдайым әлдеқайда жақсы, бірақ, өзім қимылдай алмаймын. Сауығып жатқаныма қуаныштымын. Алайда, терімнің қарайғанына таңғалып отырмын», - деді дәрігер Ю Фан.

Оларды емдеп жатқан дәрігер бауыр жазылғаннан кейін екі науқастың да терісі қалпына келеді деп үміттенеді.

Еске сала кетсек, 16 сәуірде Ортопедия кеңесіндегі испаниялық дәрігерлер қызылша, желшешекпен ауырғанда шығатын бөртпелер сияқты аяқтағы дақтар (табан, бақай, башпай) COVID-19 жұқтырғанның белгісі екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары