$ 443.85  474.3  4.8

Әлемде вирус жұқтырған адамдардың саны 2,5 миллионнан асып кетті

Ал 175 621 адам қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияның құрбаны болды.

Әлемде коронавирусты жұқтыру оқиғаларының саны 2,5 миллионнан асты, деп хабарлайды америкалық Джонс Хопкинс университеті.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде індет жұқтырғандар саны 2 544 769 адамнан асты, ал 175 621 адам қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияның құрбаны болды.

Америка Құрама Штаттары жұқтыру жағдайлары бойынша бірінші орында. Жалпы, АҚШ-та вирус жұқтырған 814 587 жағдай және 43 796 өлім тіркелді.

Испанияда – 204 178 жағдай, 21 282 өлім.

Италияда – 183 957 инфекция, 24 648 адам қайтыс болды.

Францияда 156 522 оқиға тіркеліп, 20 829 адам қайтыс болды.

Германияда 148 174 жағдай тіркелді, қайтыс болғандар саны – 4 961 адам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары