$ 444.14  477.05  4.85

Трамп АҚШ әскеріне қысым көрсетілсе, Иранның барлық кемесін жойып жіберуге бекінді

Трамптың бұл мәлімдемесі Тегеран алғашқы әскери спутнигін орбитаға сәтті жібергеннен кейін айтылды.
фото: inosmi.ru
фото: inosmi.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде әскери-теңіз күштеріне америкалық әскери кемелерге қысым жасайтын кез келген ирандық жылдам қайықтарды атып, жойып жіберуді бұйырды, деп хабарлайды qamshy.kz.

Трамп «Мен Америка Құрама Штаттарының Әскери-теңіз күштеріне егер теңіздегі кемелерімізге қысым жасалатын болса, Иранның барлық, кез келген зеңбірек-кемелерін атып, жоюды тапсырдым» деп жазды твиттерде.

Трамптың бұл мәлімдемесі Тегеран алғашқы әскери спутнигін орбитаға сәтті жібергеннен кейін айтылды. Оған қоса, Пентагон бір апта бұрын Иранды Парсы шығанағындағы америкалық алты әскери кемеге «қауіпті және қысым көрсететін тәсілдермен» 11 жылдам кемесін жіберді деп айыптаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары