Бейжің қаласының Чаоян ауданы коронавирус таралуы қауіпі аса жоғары аумақ деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұнда АҚШ-тағы оқудан оралған студент үш туысына дертті жұқтырған. Еліне қайтып келгеннен кейін екі апта бойы карантинде болып, бірнеше мәрте тапсырған тесттері оның сау екенін көрсеткен. Ал карантин мерзімі өткеннен кейін екі күн өткен соң студентте ауру белгілері білінді.
Қазір онымен қатынаста болған адамдар оқшауландырылды. Бұл ауданда Қазақстан елшілігімен қоса шет елдердің дипломатиялық өкілдіктері орналасқан. Сондай-ақ бұл – Бейжіңнің халық ең тығыз қоныстанған ауданы.