Әл-Жазира Бейжің соңғы апталарда Тайвань айналасындағы әскери жаттығулардың саны мен қарқынын арттырды. Бұл туралы Qamshy.kz, Әл-Жазира телеарнасының дерегіне сілтеме жасап хабарлады.
"Қытай тарапы Тайвань мен Вашингтонның саяси теңіз аймақтарында қауіпті жаттығулар жасауда" деп жазады Әл-Жазира.
Телеарнаның ақпаратынша, Бейжің қайтадан сайланған Тайвань президенті Цай Инг-Венге деген өшпенділігін осылай білдіргенге ұқсайды. Қытай Тайваньның аумақтық суларында және әуе кеңістігінде ұзақ уақыт әскери жаттығулар өткізген. Осы айда Қытай Халық-Азаттық армиясының әуе күштері 36 сағаттық төзімділік жаттығуын жасаған.
"Өткен аптада Қытайдың Liaoning авиа тасымалдаушы кемесі мен бес әскери кемесі Тайваньға Мияко бұғазы арқылы жүзіп жетті" деп хабарлайды Тайвань БАҚ-тары. Наурызда Қытай Халық-Азаттық армиясының әуе күштерінің алғашқы түнгі миссиясы туралы хабарламалар болған. Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығындағы Қытай энергетикалық жобасының директоры Бонни Глазер жаттығулардың "өте агрессивті" болғанын айтты. – Бұл жаттығулар Тайваньды қорқыту хабарламаларын жіберуге және Тайваньның әуе қорғанысын сынауға арналған. Олар Тайпей әскери ұшақтарының қаншалықты жақсы ұшып жатқанын білу үшін істеліп отыр", – дейді ол.
Наурыз айында Қытай әуе күштерінің түнгі миссиясы Тайвань бұғазы арқылы Қытай мен Тайвань территориясының ресми емес теңіз шекарасын кесіп өткен.