$ 494.87  520.65  4.91

Төрт адамдық санитарлық ұшақ апатқа ұшырады

Газеттің жазуынша, оқыс оқиғаға қою тұман себеп болуы ықтимал.

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Аргентинаның оңтүстігінде бортында төрт адам болған Learjet-35 санитарлық ұшағы апатқа ұшырады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Бұл туралы сәрсенбіде елдің көліктегі қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасаған La Nacion газеті жазды.

Басылымның атап өтуінше, Буэнос-Айрестен ұшып шыққан әуе кемесінде екі ұшқыштан басқа дәрігер мен медбике болған. Қазіргі кезде апаттан адамдардың аман қалғаны бар ма,анықталу үстінде.

Газеттің жазуынша, оқыс оқиғаға қою тұман себеп болуы ықтимал. Анд тауларының бөктерінде орналасқан Эскель әуежайында 100 метрден астам жерде ештеңе көрінбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұшақ апаты