$ 494.87  520.65  4.91

Денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті

Президенттің жаңа жарлықтары парламенттің мақұлдауына ұсынылды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің денсаулық сақтау министрін отставкаға жіберді. 5 мамырдағы Рахмонның жарлығында министр Насим Олимзоде "басқа жұмысқа ауысқандықтан" қызметінен босатылғаны жазылған. Бұл туралы Азаттық радиосы, Тәжік қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Олимзоденің орнына денсаулық министрі болып Тәжікстан медициналық университетінің жалпы хирургия кафедрасының оқытушысы Джамолиддин Абдуллозода тағайындалды. Президенттің жаңа жарлықтары парламенттің мақұлдауына ұсынылды.

фото: sng.fm

Насим Олимзода денсаулық сақтау министрі болып 2017 жылы қаңтарда тағайындалған. Ол оған дейін министрдің орынбасары болған. Олимзаде қандай қызметке тағайындалғаны белгісіз.

Тәжікстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, елде 293 адамнан коронавирус табылды. Бес адам қайтыс болды.

Тәжікстан елде коронавирус табылғанын ресми түрде 30 сәуірде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары келер алдында хабарлаған. Билік 15 адамнан вирус 29 сәуірде анықталды деген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары