$ 446.49  475.38  4.79

Биыл бүкіл әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұрғаны ескертілді

БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 миллиард доллар бөлуге шақырды.
фото: kaztag.info
фото: kaztag.info

БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат, БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 миллиард доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда, бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды.

Аталған халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сумма 2 миллиард доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 миллиард долларға өскен.

«COVID-19 пандемиясы – барлығымыз үшін сынақ. Алайда, әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигранттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», - деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок, виртуальды конференцияда.

Сондай-ақ, ол сөзінде пандемияның осы салдарын жоюмен күреспейтін болсақ, оның зардабын кедей елдер ғана емес, бүкіл әлем тартатындығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары