Қытайдың Шэньси провинциясында полиция үш күн бойы қабірде ас-сусыз жатқан 79 жастағы әжейді құтқарды, деп хабарлайды turkistannews.kz, Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Қарияның жоғалып кеткенін келіні 5 мамырда хабарлаған. Ол полицияға 2 мамыр күні кешке күйеуінің анасын арбаға салып, бір жерге алып кеткенін жеткізеді. Келесі күні таңертең ол жалғыз қайтып, анасын туыстарына жібергенін айтқан.
Жауап алу кезінде ер адам анасын зиратқа апарып, оны қараусыз қалған молаға көміп тастағанын мойындады. Қарияның аяғы сал болғандықтан, үш күн бойы қабірден өздігінен шыға алмай жатқан.
Полицейлер көрсетілген жерге жеткенде, жер астынан айқайды естиді. Олар жерді қазып, көп ұзамай қарияны шығарып алады. Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты. Ал ұлы «кісі өлтіруге әрекетенді» деген айыппен жазаланады.