Қазіргі таңда жүргізілген климаттық зерттеулерге сәйкес, Жер бетінде бүгінгі күннің өзінде температурасы мен ылғалдылығы өмір сүруге келмейтін аймақтар бар екені анықталыпты.
Ғалымдар кейіннен мұндай жерлердің саны артатынын айтады. АҚШ тың Колумбия университетінің жер институтының және Ұлыбританияның Лафбаро университетінің ғалымдары бірігіп, 1979-2017 жылдар аралығындағы 7877 метеостанцияның деректерін саралап шыққан. Олар қазірдің өзінде өмір сүруге қолайсыз Жер бетінің аудандары бар екенін айтып отыр.
Барлығы ғаламшарымызда адам баласы мекендей алмайтын 80 аймақ бар екені айқындалған. Атап айтқанда, олардың көбі Үндістанда, Пәкістанда, Бангладеш, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қызыл теңіз жағалуында, Мексика шығанағында, Австралияның солтүстік-батысында, Калифорния мен Қытайдың оңтүстігінде, Африка мен Кариб хауызының елдерінде табылған. Ал бұл жақта тұратын кедей отбасылар электр қуатына қолдары жетпегенімен қоса, ауыр климатта далада жұмыс істеуге мәжбүр көрінеді.
Дереккөз: Stan.kz