11.05.2020, 04:35

Бір сәтте 14 миллиард доллар жоғалтқан Илон Маск дүние-мүлкін сатуда

фото: liter.kz
АҚШ билігі оның бұл әрекетін заңсыз деп бағалап, қылмыстық іс қозғауы мүмкін.

Америкалық кәсіпкер, Tesla компаниясының басшысы Илон Маск дүние-мүлкінен құтылуға бел байлады. Кәсіпкердің Калифорниядағы екі үйі сатылымға шығарылды. Зәулім үйлердің жалпы құны 40 миллион АҚШ долларына бағалануда, деп хабарлайды ustinka.kz.

Өткен апатада атышулы миллиардер Twitter-дегі парақшасында бірнеше жазба қалдырған болатын. Солардың бірінде ол өзінің барлық дүниесінен құтылатынын айтқан.

Тағы бір жазбасында Илон Маск өзі басқарып отырған Tesla компаниясының акциясы шамадан тыс жоғары екенін жазып, инвесторларының ызасына тиген еді. Нәтижесінде, компания акциясының құны бір сәтте 14 миллиард доллар жоғалтты.

АҚШ билігі Масктың бұл әрекетін заңсыз деп бағалап, қылмыстық іс қозғауы мүмкін.

Тегтер: АҚШ Илон Маск