Соңғы 100 жылдағы эпидемияның хронологиялық кестесі. 10 вирустың жетеуі Қытайда пайда болған. Одан бөлек, Сауд Арабиясы, Гвинея, АҚШ эпидемияның ошағы болған деген деректер бар.
1. Испаниялық тұмау (H1N1) Болған уақыты: 1918-1920 жж. Шыққан жері: АҚШ немесе Қытай. Жұқтырғандар: 550 млн адам. Қайтыс болғандар: 17-100 млн адам. Қауіп төнді: 20-40 жас аралығындағы адамдарға. Таралуы: Барлық мемлекетке (Бразилиядағы Маражо аралынан басқа). Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз.
Бұл – адамзат тарихындағы ең кең таралған пандемия. Адамдардың 29,5%-ы осы вирусты жұқтырды. Эпидемия Бірінші дүниежізілік соғыстың соңғы айында басталды. Эпидемияның пандемияға ұласуына: антисанитарлық, дұрыс тамақтанбау, адамдардың әскери лагерлерде тығыз орналасуы себеп болды.
2. Азиялық тұмау (H2N2) Болған уақыты: 1957-1958 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: 540 млн – 1,4 млрд адам. Қайтыс болғандар: 2-4 млн адам. Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға. Таралуы: Барлық әлемге. Вакцинаны ойлап табу уақыты: 24 ай. Пандемия әлемге тез таралып кетті. АҚШ-тың өзінде бұл пандемиядан 70 мыңнан астам адам қайтыс болды.
3. Гонконгтық тұмау (H3N2) Болған уақыты: 1968-1969 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: 200 млн – 800 млн адам. Қайтыс болғандар: 1-4 млн адам. Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға. Таралуы: Барлық әлемге. Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз. H3N2 вирусы бүкіл әлемге тарады. Бұл пандемия кезінде 65 жастан асқан адамдар зардап шекті.
4. Орыс тұмауы (H1N1) Болған уақыты: 1977-1978 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: белгісіз. Қайтыс болғандар: 300 мың адам. Қауіп төнді: 25 жасқа дейінгі адамдарға. Таралуы: белгісіз. Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз. Пандемия КСРО-да басталды. Бұл вирус балалар мен 25 жасқа дейінгі адамдарға жұқты.
5. Атипиялық пневмония (SARS-CoV) Болған уақыты: 2002-2003 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: 8096 адам. Қайтыс болғандар: 774 адам. Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға. Таралуы: 32 мемлекетке. Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ. Індет 2 айдың ішінде Гонконг, Вьетнам елдеріне тарап үлгерді. Ал ақпан айының соңына қарай басқа да мемлекеттерге тарады.
6. Құс тұмауы (H5N1/H7N9) Болған уақыты: 2003-2005 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: 861/1568 адам. Қайтыс болғандар: 455/615 адам. Қауіп төнді: барлық адамға. Таралуы: 17/3 мемлекетке. Вакцинаны ойлап табу уақыты: 72 ай/156 ай. Бұл – құстар ауыратын вирустың бір түрі. Ол адамға құстың етін жегенде жұғады. Аталмыш вирус Еуропа мен Африкаға, содан кейін ғана Азияға тарады.
7. Шошқа тұмауы (H1N1) Болған уақыты: 2008-2010 жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: белгісіз. Қайтыс болғандар: 284 мың-575 мың адам. Қауіп төнді: 25-45 жас аралығындағы адамдарға. Таралуы: Барлық әлемге. Вакцинаны ойлап табу уақыты: 12 ай. Құс тұмауынан кейін шошқа тұмауы пандемияға ұласты.
8. MERS-CoV Болған уақыты: 2012-2015 жж. Шыққан жері: Сауд Арабиясы. Жұқтырғандар: 2 535 адам. Қайтыс болғандар: 921 адам. Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға. Таралуы: 27 мемлекетке. Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ. Бұл вирус Сауд Арабиясында пайда болып, Франция, Германия, Италия, Тунис, Ұлыбритания мемлекеттеріне таралып үлгерді.
9. EBOLA Болған уақыты: 2013-2015 жж. Шыққан жері: Гвинея. Жұқтырғандар: 28 640 адам. Қайтыс болғандар: 11 315 адам. Қауіп төнді: барлық адамға. Таралуы: 6 мемлекетке. Вакцинаны ойлап табу уақыты: 17 ай. Бұл ауру әлі күнге дейін толығымен зерттелген жоқ. Адамнан адамға қан, тері талшықтары арқылы жұғады. Сонымен қатар, вирус шаң немесе лас материалдан таралады.
10. Коронавирус (COVID-19) Болған уақыты: 2019-... жж. Шыққан жері: Қытай. Жұқтырғандар: күн сайын өзгереді. Қайтыс болғандар: күн сайын өзгереді. Қауіп төнді: 60 жастан асқан адамдарға. Таралуы: 214 мемлекеттің 204-іне. Вакцинаны ойлап табу уақыты: дайындалып жатыр. 11 мамыр күнгі статистика бойынша әлемде 4 103 136 адам коронавирусты жұқтырды. Олардың 1,5 миллионы емделіп шықса, 290 мың адам қайтыс болды.
Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы арқылы беріледі. Яғни, түшкіргенде және жөтелгенде.
Дереккөз: bugin.kz