15.05.2020, 00:40

NASA Сардоба су қоймасының жарылғанға дейінгі және кейінгі суретін жариялады

Соңғы суретте Сардоба су қоймасы қазір жартылай бос екені анық көрінеді.

1 мамырда Өзбекстан су қоймасындағы бөгет жарылып, Қазақстанның шекаралас аймақтарын да су басты. Интернетте су қоймасының төтенше жағдайға дейін және одан кейін NASA жер серігі жасаған суреттері пайда болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадрлармен АҚШ-тың ғарышты зерттеу және аэронавтика жөніндегі ұлттық агенттігінің ресми сайты бөлісті. Суреттер бірнеше күн бұрын, 8 мамырда Landsat 8 жер серігінің көмегімен түсірілген.

Сондай-ақ, агенттік 22 сәуірде төтенше жағдайдан бір апта бұрын түсірілген суреттерді жариялады. Суретте су жиналған жер нақты көрсетілген. Бұл аймақ Flooded area деген жазумен ерекшеленген. Соңғы суретте Сардоба су қоймасы қазір жартылай бос екені анық көрінеді.

Агенттіктің хабарламасы бойынша, фотода бөгет бұзылған кезде судың нақты бағыттары көрсетілген. Судың бір бөлігі солтүстікке, екіншісі шығысқа қарай ағып жатқандығын байқауға болады.

8 мамырда су тасқыны қаупі болмаған. Өйткені, су бөгеттен тыс ақпаған екен.