$ 494.87  520.65  4.91

«Қызын қолдауға келе алмайды»: сәбилі болуды армандаған отбасының басына қара бұлт үйірілді

«Менің қызым өте әдемі, біз оны өте жақсы көреміз», - деп жазды ол.

Англиядағы Саттон-Колдфилдтегі мұғалім Джейми Хантер мен оның әйелі Бекки Флинт балаларының туылуын асыға күтті. Алайда ерлі-зайыптылар ойламаған қайғыға тап болды. Бұл туралы Daily Record-ке сілтеме беріп Stan.kz жазады.

Алайда ер адамның бүйрегінде қатерлі ісігі бар екенін білгенде, олардың қуанышы тез сейілді. Содан бері Джеймидің жалғыз арманы - мамырдың аяғында қызы дүниеге келгенше аман қалу болған.

Мүмкіндіктің аз екенін түсініп, Бекки мерзімінен бұрын босануды шешеді. Оның достары отбасына көмектесу үшін қаржылай жәрдем көрсеткен. Олардың айтуынша, Джейми көптеген адамға үлгі және керемет мұғалім болды.

"Джейми ешқашан өз баласының бірінші туған күнін тойлай алмайды, оған велосипед тебу, жүзуді үйрете алмайды немесе мектептегі алғашқы күнінде қызын қолдауға келе алмайды. Мұның бәрін біз қалыпты жағдай етіп қабылдаймыз..", - дейді досы Фил Тейлор. 

11 мамырда сәби дүниеге келіп, Джейми өзінің қызын көріп, құшақтауды армандады. Бекки Facebook-те осы сәттің әсерлі суреттерімен бөлісті.

«Менің қызым өте әдемі, біз оны өте жақсы көреміз», - деп жазды ол.

Екі күннен кейін қыздың әкесі қайтыс болған, ол небәрі 38 жаста еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы