$ 494.87  520.65  4.91

Жоқшылық тауқыметін тартып жатқан халық жануарлар қанын ішуге мәжбүр

Айтуларынша араларында індет жұқтырған адам жоқ.

Венесуэла тұрғындары жоқшылықтан жануарлар қанын ішуге мәжбүр. Коронавирустың салдарынан мемлекет дағдарысқа ұшырап, халық аштыққа тап болды, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Чили астанасы Сантьягоға жайлы өмір іздеп келген Венесуэла босқындарының жағдайы нашар. Олар елде карантин енгізілген соң жаппай жұмыссыз қалған. Баспана жалдауға шамасы келмейтін босқындар қоқыс ортасында тұрып жатыр. Шекаралар жабық. Елшілік жанында лагерь бой көтерді. Айтуларынша араларында індет жұқтырған адам жоқ.

«Біз Венесуэланың қиын экономомикалық жағдайына байланысты осында келдік. Егер онда жұмыс болса, ешқайда кетпес едік. Өзге елде өмір сүру өте қиын. Біз ешкім емеспіз»,- дейді  Венесуэла азаматы Алехандро Парада.

Перуде Титикака көлінің жағасындағы адамдар туризмнің арқасында күн көрген. Пандемияға байланысты шекара жабылғалы бұл жаққа келетіндер сап тиылды. Балалар жергілікті өсімдіктердің тамырын жеп жүр.

«Ішетін  тамақ жоқ.Өйткені бақша егетін жеріміз жоқ.Бұрын бізді туризм құтқарып келген еді. Туристер келмеген соң не істерімізді білмей дағдарып қалдық. Перу Президенті мен билігі бізді аяңыздаршы», -дейді жергілікті тұрғын Роза Соана.

Ал Венесуэлада тұрғындар аштан өлмеу үшін ірі қара малдың қанын тегін алуға кезекке таласады. Бұл елде және көрші Колумбияда сиырдың қаны сорпаға қосылатын ингредиент болып есептеледі.

«Мұқтаждықтан осында келіп, азғантай сиыр қанын алам. Өзіме және үй жануарларына», -. Каракас тұрғыны Эриберто Карилльо.

Дамыған елдер қатарындағы Оңтүстік Африка да қайырымдылық көмек алғысы келетіндер саны қисапсыз. Претории тұрғындарының тоқсан пайызын Зимбабве және өзге де кедей мемлекеттен келген заңсыз мигранттар құрайды. Заң бойынша олар үкіметтен көмек алуға құқы жоқ. Карантин созылған жағдайында олардың көбісі аштыққа тап болды.

«Бұл адамдар аш,жағдайы төмен,кедей,әлсіз кәріс кісілер және азаматтық қоғам,сонымен қатар мемлекетттік емес ұйымдар.Біз бүгін 10 мың қап жүгері ұнын,дезинфекция заттарын,азық-түлік үлестіреміз. Маска береміз. Бұл адамдар әбден күйзеліп отыр»,- дейді қайрымдылық ұйымының өкілі Юсуф Абрамжи. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары