$ 494.87  520.65  4.91

Қытай коронавирустан зардап шеккен дамушы елдерге 2 миллиард доллар бермек

«Сондай-ақ, дамушы елдерде вакцинацияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге Қытай лайықты үлесін қосады», - деді Си Цзиньпин.
фото: tourprom.ru
фото: tourprom.ru

Қытай таяу екі жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде президент Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«COVID-19-ға қарсы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қытай коронавирусқа қарсы күресте және зардап шеккен елдерде, әсіресе, дамушы елдерде әлеуметтік-экономикалық дамуға көмек көрсету үшін келесі екі жылда 2 миллиард доллар береді», - деп мәлімдеді Қытай көшбасшысы.

Сонымен қатар, Пекин БҰҰ-мен ынтымақтастықта Қытай аумағында эпидемияға қарсы құралдарды жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаһандық гуманитарлық қойма мен хаб құрады. Бұл тауарлар жасыл дәліз бойынша кедендік бақылаудан өтеді.

«Ұзақ мерзімде әзірленген қытайлық коронавирусқа қарсы вакциналар пайдалануға берілгеннен кейін бүкіл әлемде қолжетімді болады, сондай-ақ, дамушы елдерде вакцинацияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге Қытай лайықты үлесін қосады», - деді Си Цзиньпин.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырудың 4,5 миллионнан астам жағдайы анықталды, 310 мыңнан астам адам көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары