$ 444.22  476.38  4.82

Карантин: дін басшысы «киелі суды» адамдардың бетіне ойыншық тапаншамен шашып жүр

Осы сәті-ақ оны ғаламтордың «жұлдызына» айналдырды.

Америкалық Тимоти Пелк атты дін басшысы елдегі төтенше жағдайға байланысты өз қызметін заң аясында атқарған. Жасы 70-тен асқан ол шіркеуге келушілерге «киелі суды» балалардың ойыншық тапаншасымен шашып отырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бетіне бетперде тағып, қолына бір реттік қолғабын киген діндар шіркеу алдына келген сыйынушыларға автокөліктерінің терезесінен 1,5 метр арақашықтықта тұрып су бүріккен. Тапаншамен бетті «нысанаға алатын» осы сәті-ақ оны ғаламтордың «жұлдызына» айналдырды.

Себебі, дін басшысының су шашатын ойыншық тапанша ұстаған суретін желі қолданушылар мен БАҚ қызметкерлері өрт сөндіріп, қылмыскерлермен бірге адам атып, гүл суарып жүрген етіп, әртүрлі коллаж жасап тастаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары