Трамп Барак Обама мен Джо Байденді 50 жылға түрмеге отырғызу керектігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz, Daily Telgegraph басылымына сілтеме жасап.
Fox Business-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің нысанаға алынуын «біздің еліміздің тарихындағы ең үлкен саяси қылмыс» деп атады.
Трамп Флинннің құлатылуына байланысты істі атап өтіп, оны «батыр» деп атады. Ал Обама мен Байденді «сыбайлас жемқорлар» деді.
«Олар (ФТБ қызметкерлері) Флиннге ермеді. Мені алдауын үміт етті. Өтірік оқиға жасауынан үміттенді. Бұл істердің барлығы Обамаға қатысты, Байденге қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа батқан. Біз оларды ұстап алдық. Егер мен республикашыл емес, демократ болсам, оларды түрмеге отырғызар едім.
Мен 50 жылға соттауды айтып отырмын. Бұл – масқара, біздің ел тарихындағы ең үлкен саяси алаяқтық. Бұл істер үшін адамдар түрмеге қамалуы керек және көптеген адамдар ақша төлеуі тиіс деп үміттенемін», - деді Дональд Трамп.