Әлем 22.05.2020 сағат 14:40

Ким Чен Ын тағы да «жоғалып кетті»

КХДР мемлекеттік кеңесі төрағасының 12 сәуірдегі жыл сайынғы жоғарғы халық ассамблеясының сессиясына қатыспауы және 15 сәуірде Ким Ир Сеннің 108 жылдық мерейтойына арналған рәсімде болмауы көпшіліктің күмәнін тудырды.
Ким Чен Ын тағы да «жоғалып кетті»
фото: ustinka.kz/kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Оңтүстік Корея билігі КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынның қайда жүргені туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыр. Бұл туралы Baq.kz, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына 1 мамырда шыққан. Содан кейін тағы да көрінбей кетті. Үш аптадан бері қоғамдық шараларға қатыспады.  Халықаралық қауымдастықтар оны жоғалтып алып отыр. Солтүстік Корея басшысы қайда жүргені тағы да елді қызықтыра бастады.
 
Тиісті органдар жағдайдың барыcын мұқият қадағалап отыр, - деді Ким Чен Ынның қайда екендігі туралы сұраққа министрлік өкілі.
 
11 сәуірде Ким Чен Ын Корея еңбек  партиясы орталық (ТКК) саяси бюросының ішкі саясат мәселелері бойынша отырысын өткізді. Содан кейін 1 мамырға дейін КХДР бұқаралық ақпарат құралдары оның ресми іс-шараларға қатысқаны туралы ешқандай ақпарат таратпады. КХДР мемлекеттік кеңесі төрағасының 12 сәуірдегі жыл сайынғы жоғарғы халық ассамблеясының сессиясына қатыспауы және 15 сәуірде Ким Ир Сеннің 108 жылдық мерейтойына арналған рәсімде болмауы көпшіліктің күмәнін тудырды.

Батыс және Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарында Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты сыр бергені туралы ақпараттар шықты. Тіпті, қаза тапты деп жазғандар болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар