Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісімді бұзатынын жеткізді. Бұл туралы Bairaq.kz хабарлады.
Тармптың айтуынша, Вашингтон тарапы ДДСҰ-ға қандай реформаларды жүзеге асыру қажеттілігі туралы ұсыныс білдірген. Бірақ әлемдік ұйым бұдан бас тартыпты.
АҚШ көшбасшысы айтқандай, америкалықтар бүгін ДДСҰ-мен барлық байланысты үзбек. Ел билігі бұл ұйымға жыл сайын шығындалатын 450 миллион долларды басқа қажеттіліктерге жұмсамақ.