$ 443.35  475.54  4.82

Қытай билігі жаңа телескоп арқылы өзге ғаламшарлықтарды іздемек

FAST радиотелескопының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл құрылғыны жасау үшін қытайлықтар 185 миллион доллар жұмсаған.

Қытай үкіметі осы жылдың қыркүйегінде ең үлкен радиотелескоптың көмегімен ғарыштағы басқа тіршілік иелерін іздемекші екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы stdaily басылымында жарияланды. Қытайлық зерттеуші Чжан Тунцзенің сөзінше, қазірдің өзінде өзге ғаламшарлықтардан әлдеқандай белгілер байқалуда екен. Алайда, бұл белгілерді ғарыштағы өзге өркениеттің жіберген дабылдары деп айтуға әлі ерте көрінеді.

Бұған қоса, ол өзге ғаламшарлықтарды іздеуге бар күш жұмсалмайтынын атап өтті. Себебі, ғарышта зерттейтін дүние жетерлік деп қосты сарапшы.

Басылым мәліметінше, FAST радиотелескопының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл құрылғыны жасау үшін қытайлықтар 185 миллион доллар жұмсаған.

Аталмыш телескоп арқылы өзге өмір белгісімен қатар, галактикалар мен қара материя түзілуін, ғарыштағы газдардың жаһандық өзгерісін зерттеуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғарыш #Қытай